Елордада соңғы үш күнде 150-ден астам коронавирус инфекциясы табылды – Қисықова

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада соңғы үш күнде 150-ден астам коронавирус инфекциясы табылды – Қисықова
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова астанадағы коронавирус инфекциясы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қазіргі уақытта елордада эпидемиологиялық ахуал нашарлады. Нұр-Сұлтан қаласында 17 маусым күні 2 951 коронавирус инфекциясы тіркеліп отыр. Инфекция жұқтырғандар саны өсуде. Дәрігерлерге, медбикелерге және коронавирус инфекциясымен жұмыс істейтін барлық басқа қызметкерлерге үлкен міндет жүктелді. Үш айдан бері дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс жасауда», - дейді басқарма басшысы. Ол өз сөзінде соңғы үш күнде инфекция жұқтырғандар саны күрт артқанын айрықша атап өтті. «Соңғы үш күнде күн сайын орта есеппен 150-ден астам коронавирус инфекциясы тіркелуде. Олардың 50 пайызы – індеттің белгілері жоқ түрімен ауыратындар. Өткен тәулік ішінде жедел жәрдем шақыру саны 3 500-нан асып, 3 700-ге жетті. 2 мыңнан астам соғылған қоңырауға қызмет көрсетіліп, екі есе артты. Тек коронавирус инфекциясы нысанындағы қоңыраулар саны соңғы тәулік ішінде 427-ге дейін жетті. Яғни 8 есе өсті. Өткен тәулікте қоңыраулар мен жедел шақыруларға 110-нан астам жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді», - дейді ведомство жетекшісі. Сәуле Қисықова жыл басында 50-ден астам автокөлік сатып алынғанын, бұл аз да болса жүктемені азайтуға көмектесіп жатқанын жеткізді. «Емханалар деңгейінде көліктер қосымша тартылды. Коронавирус мәселесі бойынша тұрғындардың кері байланысын күшейту үшін жедел жәрдем стансасында қосымша байланыс орталығы құрылды», - дейді ол.