«Елбасы медалі» бағдарламасын әзірлеуде әлемнің үздік тәжірибелері қолданылды – Шолпан Қадырова
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Елбасы медалі» бағдарламасын әзірлеуде әлемнің үздік тәжірибелері қолданылды – Шолпан Қадырова](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115844930811578.webp)
Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова онлайн баспасөз конференциясы барысында «Елбасы медалі» жобасының жай-күйі жайлы түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «2019 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы белсенді және талантты жастарды қолдауға бағытталған жалпыұлттық "Ел үміті" бастамасын көтерді. Жаңа бастама аясында Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры қазақстандықтар мен мемлекет болашағы үшін бірнеше тың жобаларды іске қосты. Дарынды балаларды демеу үшін қабілет, кәсіби бағдарлау құралы секілді басқа да жобалар іске асуда. Біз бүгін «Елбасы медалі» жобасына тоқталамыз», - дейді басқарма басшысы. Ведомство басшысы сөз арасында жобаның талаптары мен бағыттарына тоқталып өтті. «Жоба өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және олардың үйлесімді жетілуіне мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаға қатысу тәртібі Үкімет қаулысымен бекітіліп, Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен өтіп жатыр. Елбасы медалі алдында мақсат қойған өскелең ұрпақты қолдау және ынталандыруға бағытталған. Әрбір қатысушыға өзін өзі дамыту үшін 7 бағыт ұсынылған. Олар: спорт және дене шынықтыру, дарын мен дағды, еріктілік, туристік саяхаттар, кітап оқу, ұлттық мұра, және еңбек тәжірибесі. Бағдарламаны әзірлеуде үздік әлемдік тәжірибе қолданылған», - дейді Шолпан Қадырова.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)