Бас қалада азық-түлік бағасын көтерген саудагерлерге айыппұл салынады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Бас қалада азық-түлік бағасын көтерген саудагерлерге айыппұл салынады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17212278223179713.webp)
Нұр-Сұлтанда қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмектердің бағасына қатысты мәселелер бойынша қалалық прокуратураның мобильді тобымен байланысуға болады, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. Қазақстанда 1 сәуірден бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағасы енгізілді. Атап айтқанда, бірінші сортты бидай ұнынан жасалған нанның шекті бөлшек бағасы – 150 теңгені, бірінші сортты бидай ұнының келісі – 197 теңгені, өлшемелі кеспе – 230 теңгені, өлшемелі арпа жармасы (дән) – 339 теңгені, өңделген өлшемелі күріш – 307 теңгені, сиыр еті (сүйектері бар жауырын-кеуде бөлігі) – 2 113 теңгені, тауық жұмыртқасы (ондық, бірінші санат) – 351 теңгені, күнбағыс майы – 481 теңгені, ас тұзы («Экстрадан» басқа) – 55 теңгені құрайды. «Бекітілген баға мөлшерін арттырғаны үшін 265 100 теңгеден 530 200 теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл салу туралы әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», - деп хабарлайды қалалық прокуратура. Карантин кезінде туындаған барлық мәселелер бойынша, тауарлар мен дәрі-дәрмектерді алуда алыпсатарлыққа тап болған жағдайда Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасының мобильді тобына 8 (7172) 71-24-97, 8-701-999-17-59 номері арқылы хабарласуға болады.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)