CAMCA аймақтық форумы өз жұмысын онлайн режимінде бастады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![CAMCA аймақтық форумы өз жұмысын онлайн режимінде бастады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115844414387531.webp)
Бүгін алғаш рет виртуалды форматта Орталық Азия, Моңғолия, Кавказ және Ауғанстан өкілдерінің қатысуымен СAMСA аймақтық форумының жұмысы басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Форумды АҚШ-тағы ең беделді аналитикалық орталықтардың бірі, белгілі ғалым Фредерик Старр бастамасымен Орталық Азия және Кавказ Институты, сондай-ақ америкалық беделді Дональд Рамсфельд қоры ұйымдастыруда. Іс-шараның негізгі тақырыптары ретінде коронавирус пандемиясымен күрес, аймақаралық сауданы және кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік мәселелері және цифрлық трансформацияның негізгі аспектілері талқыланатын болады. Қазақстандық тараптан еліміздің АҚШ-тағы Елшісі Ержан Қазыханов пен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетов қатысушыларға арнап ілтипат лебізін жолдады. Форум 19 маусымға дейін жалғасады, панельдік пікірталастар күн сайын онлайн режимде өтеді. Панельдік сессиялардың бағдарламасымен camcaforum.org сайтында танысуға болады Келесі аймақтық форум 2021 жылы Алматыда өтеді деп күтілуде.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)