ТЖ-дан кейін көлік құралдарын қайта тіркеу бойынша Нұр-Сұлтан көш бастап тұр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ТЖ-дан кейін көлік құралдарын қайта тіркеу бойынша Нұр-Сұлтан көш бастап тұр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115847236760174.webp)
Мамыр айында жұмысын бастаған автокөлік иелеріне арналған мамандандырылған ХҚО-лар бір ай ішінде 174 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетті, деп хабарлайды Елорда Инфо. Көлік құралдарын қайта тіркеу бойынша алғашқы үштікті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бастап тұр. Бұл қалалардағы орталықтар сәйкесінше 16, 15 және 14 мың автомобильді қайта тіркеген. «Нұр-Сұлтан мен Шымкенттің мамандандырылған орталықтары бір уақытта – 12 мамырда ашылса, Алматы орталықтары санитарлық дәрігердің шешімімен тек 25 мамырдан бастап қызмет алушыларды қабылдай бастады. Сондықтан Алматыны автокөліктерді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сөзсіз көшбасшы деп санауға болады», – делінген хабарламада. Төртінші орында – Қарағанды облысы. Мұнда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ең алғашқылардың бірі болып, 4 мамырда ашылғанын ескерсек, көлікті қайта тіркеу қызметі тек 12,5 мыңнан астам рет сұралған. Мамыр айының қорытындысы бойынша көліктердің ең аз саны Батыс Қазақстан облысында қайта тіркеліпті. Барлығы – 2,4 мың автомобиль. Жүргізуші куәліктерін беру және ауыстыру бойынша жағдай сәл өзгеше. Олардың көпшілігі Қарағанды облысында берілген – 5 мыңнан астам. Шымкент және Алматы қалаларында одан сәл аз. Алматы облысының жүргізушілері 4,5 мыңға жуық жүргізуші куәлігін ауыстырған. Аталған мерзім ішінде жүргізуші куәліктерінің ең азы Батыс Қазақстан облысында жаңарған – 8 мамырдан бастап барлығы 804 жүргізуші куәлігі. Рейтингте Жамбыл облысының ХҚО-лары есепке алынбады. Жедел штабтың шешімімен олар маусымның басында ғана жұмысын бастады. Естеріңізге салсақ, төтенше жағдай тәртібі аяқталғаннан кейін ХҚО-лар азаматтарды тек алдын ала белгіленген кезекпен қабылдайды. Кезекке egov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм боты немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы тапсырыс беруге болады. Айта кетсек, көлікті қайта тіркеу мен жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметтерін онлайн түрде egov.kz порталы және egov mobile қосымшасы арқылы алуға болады. Сондай-ақ таяуда электрондық үкімет порталында жоғалған нөмірді қалпына келтіріп, автосалонда сатып алынған көлікті тіркеу мүмкіндігі жасалды.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)