«Абылайхан атының неше тісі бар?» – Дидар Смағұлов ҰБТ-дағы даулы сұрақтарға түсініктеме берді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Абылайхан атының неше тісі бар?» – Дидар Смағұлов ҰБТ-дағы даулы сұрақтарға түсініктеме берді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115841321402230.webp)
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов онлайн брифингте ҰБТ-дағы дау тудырған сұрақтар туралы түсіндірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Наурыз айында Төтенше жағдай режиміне байланысты ҰБТ тапсыра алмағандарға тамыз айында тегін өтуге және маусым айындағы негізгі ҰБТ-ға дайындалу үшін наурыз айында тіркеуден өткен әр талапкерге қайталанбас бес нұсқаны тегін өтуге рұқсат берілді. Мұның емтиханға дайындалғанға көмегі тиеді деп үміттенеміз», – Дидар Смағұлов. Оның айтуынша, ҰБТ-дағы даулы сұрақтарға Ұлттық тестілеу орталығының қатысы жоқ. «Жалпы, ҰБТ дегенде өткен жылдардағы сұрақтардың сынға ұшырағанын еске алмау мүмкін емес. Бұл жөніндегі дауға нүкте қою үшін бір мәселенің басын ашып алсам дегенмін. «Абылай хан атының неше тісі болды?» деген сынды сұрақтардың болғаны туралы қауесеттің қайта таралуына байланысты түсініктеме берейін. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі таңда неше түрлі жекеменшік білім беру орталықтарының ҰБТ-ға дайындалуға арналған құралдарын шығаратыны анық. Жоғарыдағы сұрақтың сондай орталықтың бірінен тарап кеткені уақыт өте келе анықталды. Бұл жағдай жаңағыдай сұрақтарды «Ұлттық тестілеу орталығы енгізді» деген негізсіз сынға әкеп соқтырды. Ұлттық тестілеу орталығында ешқашан мұндай сұрақтар болған емес. Алайда біраз жыл өтіп кетсе де, бұл сұрақ төңірегіндегі дау қоғам талқысына қайта айналып келуде», – деді ол.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)