Елордада «Біз біргеміз» акциясы жалғасып жатыр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада «Біз біргеміз» акциясы жалғасып жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122770725259213.webp)
Нұр-Сұлтанда волонтерлер әлеметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік себеттерін жеткізуде, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
«Бізде күн сайын шамамен 20-30 мекенжай жоспарланады. Біз мұқтаж жандарға азық-түлік қана емес, гигиеналық құралдар – дымқыл майлықтар, бетперделер мен антисептиктер де жеткізіп береміз», - дейді ерікті Әл-Фараби Аймақ.
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Дәурен Бабамұратов әлеуметтік жағдайы төмен және мүгедек жандарды бағып отырған отбасыларға 50 себет жеткізілгенін атап өтті.
Азық-түлік себеттері демеушілер көмегімен дайындалған.
«Біз біргеміз» акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттерін жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Біздің волентерлер карантин кезінде барлық сақтық шараларын сақтай отырып (үйге кірмей, себеттерді үй сыртында қалдыра отырып), азық-түлік себеттерін жеткізу шараларын жалғастырады», - дейді Дәурен Бабамұратов.
[caption id="attachment_7464" align="alignnone" width="1280"] Фото қалалық әкімдіктен алынды[/caption]
Елорда тұрғындары қала әкімдігі мен еріктілерге көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)