Дидар Смағұлов: Биылғы ҰБТ тапсыру жөніндегі өтініш саны – рекордтық көрсеткіш

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Дидар Смағұлов: Биылғы ҰБТ тапсыру жөніндегі өтініш саны – рекордтық көрсеткіш
ашық дереккөз

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов онлайн брифингте ҰБТ өткізудің барысы туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «20 маусым мен 5 шілде аралығында еліміздің білім саласындағы маңызды іс-шара Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жоспарланып отыр. Биыл маусым айындағы ҰБТ-ға қатысуға рекордтық өтініштер қабылданды. Жалпы, өтініштер саны 131 755 болса, соның ішінде осы жылғы түлектердің саны 82 пайызды құрайды. Яғни бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға өсті. ҰБТ 161 пунктте өтетін болады. 2020 жылғы тестілеуде екі басты мақсат көзделеді. Ол – қауіпсіздікті сақтау және бақылауды күшейту. Яғни әлемдік коронавирустық пандемияға байланысты тест тапсырушылардың қауіпсіздігіне баса назар аударылады. Карантиндік шектеулерге байланысты еліміздің барлық аймағындағы тест тапсыру орындарында медициналық сақтық шаралар енгізіледі», – деді ол.