Биыл су көлігінде 66 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл су көлігінде 66 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
ашық дереккөз

ҚР ИИДМ көліктік бақылау органдары осы жылдың 5 айында еліміздің теңіз порттарына кірген теңіз кемелеріне барлығы 42 тексеру жүргізді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Оның ішінде Қазақстанның - 3, Ресейдің - 26, Әзербайжанның - 5, Иранның 8 кемесі болды. Анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін Иран туын көтеріп тұрған 1 кемеге порттан шығуға тыйым салынды. Кемелерді тексеру барысында бұзушылықтарды жою туралы 1 ұйғарым берілді. Тексеру қорытындысы бойынша 9 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 137 858 теңгеге айыппұл салынды. Сонымен қатар, биылғы 5 айда аумақтық органдар пайдаланудағы өзен кемелеріне 79 тексеру жүргізді. Олардың нәтижелері бойынша 25 ұйғарым берілді. Кеме реестрінде барлығы 759 өзен кемесі тіркелген. Сондай-ақ, осы кезеңде өзен флотының командалық құрамының 45 тұлғасына диплом беріліп, 14 тұлғасы аттестатталғанын атап өту қажет. Сонымен қатар, жыл басынан бері республика бойынша 319 шағын өлшемді кеме тіркелген. Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысында шағын өлшемді флотта аумақтық органдар 268 кемені қарап шықты. Жалпы, осы мерзімде су көлігі саласында 5 көлік оқиғасы тіркелді, оның ішінде 2 теңіз және 3 шағын өлшемді флотта болды. Сондай-ақ, су көлігінде бақылауды жүзеге асыру кезінде 66 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 527 542 теңге көлемінде айыппұл салынып, өндіріп алынды.