Нұр-Сұлтанда 15 маусымнан бастап кинотеатрлар, ойын орталықтары мен балабақшалар ашылмайды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтанда 15 маусымнан бастап кинотеатрлар, ойын орталықтары мен балабақшалар ашылмайды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115844414139963.webp)
Нұр-Сұлтанда Covid-19 жұқтыру қаупіне байланысты 15 маусымнан бастап кинотеатрлар, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде орналасқан ойын орталықтары, балабақшалар ашылмайды. Балабақшаларда кезекші топтар ғана жұмысын жалғастыра береді, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. "Бір топта 15 баладан артық болмауы қажет. Балабақшалар баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ, жұмыс істейтін ата-аналар үшін жұмыс істейді. Мектепке дейінгі ұйымға келмеген жағдайда баланың орны сақталады. Балаларды қабылдау учаскелік педиатрдан баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама болғанда ғана жүзеге асады. Баланы балабақшаға қабылдау кезінде тәрбиеші медициналық қызметкердің бақылауымен, ата-ананың қатысуымен міндетті түрде термометрия арқылы баланың температурасын өлшейді", - делінген әкімдіктің ақпаратында. Коронавирустың таралу қаупі әлі де бар. Санитарлық нормаларды сақтау қажет: маска киіп, қолды антисептикпен өңдеп, қашықтықты сақтаған жөн. Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Сәуле Қисықова атап өткендей, санитарлық нормаларды сақтамау қала ауруханаларының толып кетуіне әкелуі мүмкін. "Қауіпті инфекцияға тіпті дені сау жастар да шалдықты. Сақ болу керек. Бір адамның салғырттығы басқа тұрғындардың денсаулығына әсер етуі мүмкін. Коронавирус санаулы күндер ішінде адамның денсаулығын күрт нашарлатады, өзін-өзі емдеумен айналыспау қажет", - деді Сәуле Қисықова.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)