Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғын үй есебіне қою үшін құжаттар тізімі қысқарды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғын үй есебіне қою үшін құжаттар тізімі қысқарды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211584726435141.webp)
«Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес «Қызметтік тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 232 бұйрығы әзірленді, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған бұйрықты қабылдаудың мақсаты қызметтік тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою үшін әскери қызметшілер ұсынатын құжаттар тізбесін қысқарту болып табылады. Бұдан басқа, құжаттарды беруге ыңғайлы болу үшін Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдеріне «Электрондық үкімет» порталы арқылы өтініш беруге болады. Бұйрықтың толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталындағы «Ашық НҚА» бөлімінде танысуға болады.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)