Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың дана энергия үнемдейтін шамдар орнатылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың дана энергия үнемдейтін шамдар орнатылады
ашық дереккөз

Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың дана энергия үнемдейтін шамдар орнатылады, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігіне сілтеме жасап. ⠀ Нұр-Сұлтанда ЖКУ шамдарын (натрийлі шаммен) қазіргі заманғы энергия үнемдейтін жарықдиодты шамдарға ауыстыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Мамандар атап өткендей, олар ұзақ және үнемді қызмет етіп, электр энергиясын аз жұмсауға мүмкіндік береді. «Бұл шамдар электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді және олар қарапайым шамдарға қарағанда әлдеқайда жарық болады. Үнемділігі – 35-40%. Сондай-ақ олар жолдарды автокөлік жүргізушілері үшін неғұрлым жарық және қауіпсіз етеді. Бұл жаяу жүргіншілер үшін де ыңғайлы. Егер қалада 47 мың жарық нүктелері болса, биыл 10 мыңын ауыстыру жоспарланған», – деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев. Сондай-ақ елордада аулаларды және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру белсенді жүргізілуде. Биыл 150 аула мен 50 қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер) абаттандырылады.