Ауруханаларда фото-видео түсіруге тыйым салынады – С.Қисықова
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ауруханаларда фото-видео түсіруге тыйым салынады – С.Қисықова](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122771249971384.webp)
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова онлайн брифинг өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Елордадағы карантинде 862 адам жатыр. Оның 44-і – балалар. Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 202. Оның186-сы стационарда жатыр. 1 адам 31 наурызда қайтыс болды. 5 адамның жағдайы ауыр, 3 науқас өкпені жасанды желдеткіш аппаратқа таңылған. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, 1 сәуірден бастап Нұр-Сұлтандағы Ұлттық кардиохирургиялық орталықта республикалық интенсивтік медицина орталығы ашылды. Онда жағдайы ауыр науқастар жатқызылады. Жалпы, соңғы тәулікте 3 сәуір күні коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 жағдай тіркелді.», – деді С.Қисықова. Оның айтуынша, бас санитар дәрігерінің бұйрығына сәйкес, ауруханаларда аудио, видео, фото жасауға тыйым салынды. Сонымен қатар ол блокбекеттерде де медициналық мамандар күндіз-түні жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Яғни онда азық-түлік сияқты қажетті тауарларды жеткізу үшін елордаға рұқсат қағазбен кірушілер мен қаладан шығушылар қатаң тексерістен өткізіледі.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)