Коронавирус жұқтырғандардың 38,5 пайызы науқастармен байланыста болған – Пірәлиева
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Коронавирус жұқтырғандардың 38,5 пайызы науқастармен байланыста болған – Пірәлиева](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115853846078113.webp)
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижесін қозғай отырып, дезинфекциялық өңдеуден өткен орындар жайлы мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «2020 жылдың 11 маусымындағы жағдай бойынша эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша инфекцияның көрсеткіші мынадай: 3,4 пайызы – жұқтыру көрсеткішіне ие, 38,5 пайызы – науқастармен байланыста болған. Ал 56 пайызы жергілікті сипатқа ие», - дейді астананың бас дәрігері. Өз сөзінде 11 мамырдан бастап санитарлық талаптарды барынша сақтай отырып, алаңдар мен саябақтарда серуендеуге рұқсат берілгенін, бұл аумақтарда дезинфекцилық жұмыстар жүргізіліп тұратынын мәлім етті. «Елорданы дезинфекциялау бірнеше кезеңнен тұрады. Осыған дейін бас-аяғы 20 млн шаршы метр аумақ өңделді. Оны қызметкерлер жаяу жүріп те, арнайы көліктер арқылы да тазалайды. Тіркеуден өткен коллективтік орындарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жасалады. Тіркеуден өткен күні аталған іс-шаралар жайлы қаулы беріледі. Бүгінге дейін тиісті іс-шаралар жайлы жазылған 500 қаулы берілді», - дейді Жанна Пірәлиева.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)