Елорда ауруханаларында коронавирус жұқтырған аналар 12 дені сау сәбиді дүниеге әкелді – Қисықова

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда ауруханаларында коронавирус жұқтырған аналар 12 дені сау сәбиді дүниеге әкелді – Қисықова
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова онлайн брифингте елордадағы ауруханаларда коронавирус жұқтырған аналардың 12 дені сау сәбиді дүниеге әкелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қазіргі уақытта елордада дәрігерлердің жұмысын қате түсінетін, нұсқаулығын орындамайтын, яғни ауруханаға барудан бас тартатын науқастар да бар. Алайда бұл дұрыс емес. Себебі олар өздерінің жақындарына, отбасыларына зардабын тигізуі мүмкін. Сондықтан құрметті қала тұрғындары! Біз әлі де барынша сақтық шараларын қолдануларыңызды талап етеміз. Қаланың медициналық ұйымдары сіздерге көмек көрсетуге толықтай дайын. Сіздерден біздің барлық нұсқаулықты ұстануларыңызды сұраймыз әрі талап етеміз. Бұл сізге және сіздің отбасыңыз үшін қажет. Осыған қарамастан өмір жалғасуда. Жұқпалы ауруханаларымызда вирус анықталған аналардан 12 дені сау сәби өмірге келді. Бұл біздің медицина қызметкерлерінің қарқынды жұмысының нәтижесі екенін айтқым келеді, – деді басқарма басшысы.