Пандемия артта қалған жоқ, өршіп барады – Қисықова
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Пандемия артта қалған жоқ, өршіп барады – Қисықова](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115855235368185.webp)
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова онлайн брифингте елордада 148 мыңнан аса зерттеу жүргізілгенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Құрметті қала тұрғындары! Коронавирус пандемиясы артта қалды деп ойламаңыздар. Ол қайта одан сайын өршіп барады. Инфекция жұқтырғандардың саны көбейе түсуде. Оның басты себептері – бетперде режимін, арақашықтықты, жеке гигиенаны сақтамау. Адам көп баратын жерлерге бару, мерекелік шаралар өткізу де көпшіліктің вирусты жаппай жұқтыруына әкеп соқтыруда. Жалпы, қалада 7 зертхана жұмыс істеп тұр. Онда күнделікті 5 мыңға жуық тест қабылданады. Нұр-Сұлтанда бүгінге дейін 148 мыңнан аса зерттеу жүргізілді. Айта кету керек, қазіргі уақытта ем-шара жасау тәсілі өзгерді. Яғни симптомды және симптомсыз вирус жұқтырғандарға медициналық көмек беру басқаша. Мұнда, әсіресе, симптомды вирус жұқтырғандарға көбірек көңіл бөлінеді», – деді ол.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)