Ж.Пірәлиева: Карантиндік талаптардың сақталмауынан инфекция жұқтырғандар тіркеліп жатыр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ж.Пірәлиева: Карантиндік талаптардың сақталмауынан инфекция жұқтырғандар тіркеліп жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115854829775299.webp)
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева астаналықтардың санитарлық талаптарға жүрдім-бардым қарайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қабылданған карантин мен шектеу шараларына қарамастан коронавирус инфекциясы әлі де тіркелуде. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу үшін барлық азаматтарды, қаламыздың қонақтарын адам көп жиналатын жерлерге бармауға шақырамыз. Қалада бекітілген карантин режимін сақтауға, коронавирус пандемиясы кезінде өзінің және өзгенің өміріне қауіп-қатер төндірмеуге шақырамыз. Сонымен қатар барлық ұйым басшыларынан санитарлық нормаларды қатаң сақтап, орындауды талап етеміз», - деді Жанна Пірәлиева. Ол сөз арасында карантинге байланысты шектеу шаралары енгізілгенмен тұрғындардың бір бөлігі коронавирус инфекциясының бар екеніне сенбейтінін жеткізді. «Осыған байланысты тұрғындардың қарапайым талаптарды, яғни маска тағу, арақашықтықты сақтау, антисептиктермен қолдарын тазалау секілді ережелерді сақтамауы жиі байқалады», - дейді елорданың бас дәрігері. Өз сөзінде осындай талаптардың сақталмауынан коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркеліп жатқанын мәлім өтті.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)