Қайрат Нұртас «Біз біргеміз!» акциясына қосылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қайрат Нұртас «Біз біргеміз!» акциясына қосылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17212278436196183.webp)
Танымал әнші Қайрат Нұртас медициналық қызметкерлерге сүт өнімдерін таратты. Өнімдер бас қаладағы үш ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. «Коронавирус індеті дүние жүзін жаулап алды. Қиын кезеңде баршамызға жұдырықтай жұмылып, бір-бірімізге көмектесу маңызды. Осы елдің азаматы ретінде қиын жағдайға бей-жай қарамай, өз тарапымнан волонтерлермен бірге ауыр дертке шалдыққан адамдарды емдеу қызметінде жүрген абзал жандарға қолдау көрсетуді жөн көрдім. Олардың жұмысы ауыр әрі қауіпті. Сабырлық пен денсаулық тілей отыра, мен қазақстандық медицина қызметкерінің барлығына адал еңбегі үшін алғысымды білдіремін. Біз біргеміз!» – деді Қайрат Нұртас. «Саулық» волонтерлер бағытымен бірлесіп, үш емдеу орталығына азық-түлік таратылды. Атап айтқанда, фтизиопульмонология орталығы, №3 көпбейінді қалалық балалар емханасы мен карантиндік стационар орналасқан «Рамада Плаза» қонақ үйі кешеніне жеткізілді. Таяуда әнші Нұр-Сұлтан қаласы штабының волонтерлер қатарына қосылған болатын. Елордалық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың жанындағы қалалық еріктілер штабы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)