Елордада қай дәріханалардан бетперде мен антисептикалық құралдарды сатып алуға болады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада қай дәріханалардан бетперде мен антисептикалық құралдарды сатып алуға болады
ашық дереккөз

Елорданың дәріханаларында медициналық бетперделер мен антисептикалық құралдарға деген сұраныс айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Бетперделер мен антисептикалық құралдар қаланың дәріханаларына уақытында жеткізілгендіктен, сауда орындарында ұзын-сонар кезек байқалмайды. «Бетперделер, қолғаптар, антисептикалық құралдар жеткілікті. Біздің дәріхана бұрынғы кестеге сәйкес жұмыс істеуде. Ұзын-сонар кезек жоқ. Барлық тауарлар бізге уақытында жеткізіледі», – дейді дәріхана қызметкерлерінің бірі Динара Аманбаева. Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының айтуына қарағанда, бетперделер мен антисептикалық құралдарды олар еш қиындықсыз үйлерінің жанындағы дәріханалардан сатып алуда. «Бетперделерді мен үйдің жанынан 70 теңгеге сатып алдым. Тапшылық, ұзын-сонар кезек жоқ. Бетперделер де, антисептикалық құралдар да, қолғаптар да сатылымда», – деді елорда тұрғыны Алтыншаш. «Мен бетперделерді сатып алу үшін келдім. Барлығы сатылымда. Кезек те жоқ. Жағдай бір қалыпты. Дәріханалардың алыпсатарлық ниеті жоқ. Бағалар да көтерілмеген», – деді сауалнама сұрақтарына жауап берген тағы да бір қала тұрғыны Қанат. Бұдан бұрын бетперделерді мына мекенжайлар бойынша кезексіз сатып алуға болатындығы хабарланды: Тұран даңғылы, 37; Достық көшесі, 18; Сарыарқа даңғылы, 3; Қонаев көшесі, 14/2; Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 3; Қабанбай батыр даңғылы, 21; №90 дәріхана, Момышұлы даңғылы, 16; Тәуелсіздік даңғылы, 21/4; Шәймерден Қосшығұлұлы, 3/1; Мәңгілік ел даңғылы, 19; Сарайшық көшесі, 5; Қаныш Сәтбаев көшесі, 23/1; Жансүгірұлы көшесі, 8/1; Мәңгілік ел даңғылы, 53; Мәңгілік Ел, 35; Ұлы Дала даңғылы, 6/1; Бараев көшесі, 21; Сауран көшесі, 3/1; №276 дәріхана, Рысқұлбеков көшесі, 16/3; Кенесары көшесі, 47; Иманбаева көшесі, 8; Жанайдар Жирентаев көшесі, 2; №280 дәріхана, Мәлік Ғабдуллин көшесі, 16; Сығанақ көшесі, 15; Иманов көшесі, 50; №62 дәріхана ПТ, Алаш, 23/1; Тұран даңғылы, 55; Тәуелсіздік даңғылы, 32.