Қазіргі уақытта АӘК 3 600 отбасыға берілді – Қабжанов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазіргі уақытта АӘК 3 600 отбасыға берілді – Қабжанов
ашық дереккөз

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ басшысы Бақытбек Қабжанов атаулы әлеуметтік көмек жайлы айта отырып, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу жолын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Атаулы әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен аспайтындарға беріледі. Қазіргі уақытта АӘК 3 600 отбасыға берілді. Оны Egov порталы арқылы да алуға болады. Өтініштің үлгісі порталда көрсетілген», - дейді Бақытбек Қабжанов. Өз сөзінде ол мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін не істеу керек екенін айтып өтті. «Қандай да бір мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін немесе жұмысқа орналасу үшін enbek.kz арқылы онлайн өтініш беруге, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту орталығының сайтына тіркелу арқылы мамандық тізімін алуға, тиісінше жалақы мөлшерін білуге болады. Сонымен қатар, орталыққа келіп, мамандардың көмегіне жүгіне алады», - дейді ол.