Б.Қабжанов: 1 100-ден аса астаналық қоғамдық жұмыстарға орналастырылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Б.Қабжанов: 1 100-ден аса астаналық қоғамдық жұмыстарға орналастырылды
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы «Жұмыспен қамту» орталығының директоры Бақытбек Қабжанов онлайн брифингте «Еңбек» бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Еңбек» бұқаралық кәсіпті дамыту бағдарламасы аясында кәсіби оқыту, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары бағыттары бойынша жұмыс жүргізіледі. Сонымен қатар жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін гранттар береміз. Бүгінде 213 адам жастар практикасынан өтуде. Қоғамдық жұмыстарға 1 100-ден аса адам орналастырылды. Сол сияқты әлеуметтік қызмет бойынша 100-ге жуық адам жұмыс істеуде. Ал кәсіби оқыту туралы айтатын болсам, мамандар 3 айдан 6 айға дейінгі уақытта тәжірибеден өтеді. Мұндағы мақсат – олардың біліктілігін арттыру. Сондай-ақ оларға шәкірақы да қарастырылған. Ай сайын 17 мың теңге алады. Әрине, бұл көп ақша емес. Алайда мемлекеттік бюджеттен төленетін шәкіртақы жұмысы жоқ адамдар тәжірибеден өтетін орнына қоғамдық көлікпен жету үшін жол шығынына шақталған. Ал кәсіби оқыту мемлекеттің есебінен тәжірибеден өтуші үшін тегін», – деді ол. Оның айтуынша, жастар практикасы бағыты жұмыс өтілі жоқ жастарға өз мамандығы бойынша алғашқы тәжірибе жинауға арналған. «Бұған бойынша диплом алғанына 3 жылдан аспаған, 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар жүгіне алады. Мұндағы ең төменгі жалақы 89 мың теңгені құрайды. Бағдарламаның тиімділігі тәжірибелі маман іздеген жұмыс берушілер үшін 6 ай тәжірибеден өтетін жас мамандар әрі қарай тұрақты жұмыспен қамтылуына мүмкіндік алады. Ал қоғамдық жұмыстар кәсіби мамандықты талап етпейді. Жұмыс істеу уақыты келісімшартқа отырғаннан бастап жылдың соңына дейін, яғни әр жылдың 31 желтоқсанына дейін. Келесі жылдан бастап уақытты қайтадан создыруға болады. Жалақы мөлшері 85 мың теңгені құрайды. Жұмыс орындары туралы айтар болсақ, мамандарға жалақыны жұмыс беруші 50 мың теңгеден бастап әрі қарай өздері тағайындайды. Осы сұрақтар бойынша Жұмыспен қамту орталығына жүгіну керек немесе өтінішті e-Gov порталы арқылы жіберуге де болады», – деді Б.Қабжанов.