Елордада 230 кәсіпорынның санитарлық нормаларды сақтауы тексерілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада 230 кәсіпорынның санитарлық нормаларды сақтауы тексерілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115858919647386.webp)
Демалыс күндері Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды сақтау бойынша 230 кәсіпорын тексерілді. 15 нысан ескерту алып, 3 нысан жабылды. Олар асханалар мен кофеханалар, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. «Әкімдіктің мобильді тобы полицейлер және эпидемиологтармен бірге күн сайын санитарлық нормаларды бұзған мекемелерді анықтау үшін рейд жүргізеді. Бұған дейін санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін жабылған нысандар санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етпейінше жабық болады. Мұндай қатаң шара коронавирустың таралуына жол бермеу үшін қабылданды», - делінген аталған ақпаратта. Елордада маска тағу режимі әлі де сақталуда. Автобустар, дүкендер және басқа да адам көп жиналатын жабық жерлерде маска киіп, арақашықтық сақтап, антисептик пайдалану қажет. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталмаса, қалада күшейтілген карантин режимін енгізуге – нысандардың жұмысын тоқтатуға, қалада жүріп-тұруға шектеу енгізуге тура келеді.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)