Биатлоннан 2020 жылғы жазғы әлем чемпионаты өтпейтін болды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биатлоннан 2020 жылғы жазғы әлем чемпионаты өтпейтін болды
ашық дереккөз

Халықаралық биатлон федерациясының (IBU) атқарушы комитеті биатлоннан 2020 жылғы жазғы әлем чемпионатының өткізілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Olympic.kz-ке сілтеме жасап. Халықаралық ұйым мұндай шешімді коронавирус пандемиясына байланысты қабылдаған. Шешім халықаралық биатлон федерациясы атқарушы комитетінің екікүндік видеоконференциясында талқыланып, осындай тоқтамға келді. Биатлоннан жазғы әлем чемпионаты 19-23 тамызда Германияның Рупольдинг қаласында жоспарланған болатын. Германия үкіметі бұқаралық іс-шара өткізуді 2020 жылдың 31 тамызына дейін тыйым салған. Соның салдарынан, Германия шаңғы спорты федерациясы мен Рупольдингтегі ұйымдастыру комитеті жарысты өткізуден бас тартып, IBU-ға жарысты өткізу құқығын қайтарып берді. IBU әлемде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап жарысты кейінге қалдыруды қалағанымен, COVID-19 індетінің өршуіне байланысты дүниежүзілік біріншілікті өткізбеуді ең дұрыс шешім деп қабылдады. Ал 10-13 қыркүйекке жоспарланған IBU конгресі 2020 жылдың 13-15 қарашасына қалдырылды.