Ерлан Тұрғымбаев халықпен есеп беру кездесуін өткізеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ерлан Тұрғымбаев халықпен есеп беру кездесуін өткізеді
ашық дереккөз

«Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды «Polisia.kz» ведомстволық медиа порталы арқылы «Сұрақ/жауап» арнайы бөліміне, Call-орталығының телефондарына: 8(7172)72-20-92, 72-22-59, 71-52-31 немесе qriim_mvdrk@polisia.kz электрондық мекенжайы бойынша жіберуге болады», - делінген хабарламада.

Есеп беру кездесуі онлайн режимде Facebook, Instagram және ВКонтакте әлеуметтік желілеріндегі министрліктің ресми парақшаларында, Youtube арнасында тікелей эфирде жүргізіледі. Сұрақтар осы жылғы 9 маусымға дейін қабылданады.