«Nur Otan» партиясының праймериз өткізу ережелері жарияланды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Nur Otan» партиясының праймериз өткізу ережелері жарияланды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211586137286565.webp)
«Nur Otan» партиясының ресми сайтында партияның Саяси кеңесі бекіткен ішкі партиялық іріктеуді өткізу ережелері жарияланды, деп хабарлайды Елорда Инфо партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін басқарушы партияның Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 17 тамызы мен 3 қазаны аралығында праймериз өткізу туралы Қаулыға қол қойды. Ережеге сәйкес, праймериз міндеттеріне "Мықты көшбасшылар - мықты партия" қағидаты бойынша нақты және мықты көшбасшыларды тарту, белсенді және бастамашыл азаматтар үшін "әлеуметтік лифт" құру, елдің даму мәселелерін талқылауға қалың бұқараны тарту, өңірлерде жүйелі жұмыс істеу үшін өзекті мәселелерді анықтау, сондай-ақ кандидаттардың жеке жауапкершілігін арттыру кіреді. Партия құндылықтарын бөлісетін және сайлау құқығына ие кез келген қазақстандық үміткер бола алады. Егер кандидат партия мүшесі болмаса, ол праймеризге қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін оның қатарына ене алады. Кандидаттар бастауыш партия ұйымынан да, бір облыстан, қаладан немесе ауданнан өзін-өзі ұсыну арқылы да ұсыныла алады. Праймеризді өткізу Ережесімен толығырақ партия сайтында танысуға болады (https://nurotan.kz/primaryze?lang=kz).
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)