Қызметкерлердің кем дегенде 50 пайызы қашықтан жұмыс істеуін талап етеміз – министр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қызметкерлердің кем дегенде 50 пайызы қашықтан жұмыс істеуін талап етеміз – министр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115875626954736.webp)
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қауіпсіздік үшін қызметкерлердің қашықтан жұмыс істеуі керек екенін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Біз қазіргі уақытта қызметкерлердің кем дегенде 50 пайызы қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшуін талап етеміз. Мұндай жағдай мүмкін емес болса, яғни жұмыс күшін қажет ететін өнеркәсіптік, шаруашылық кәсіпорындар, тау-кен өндірісі орындарының басшылығы қауіпсіздік талаптарын міндетті түрде сақтауы керек. Маска, қолғап, ара қашықтық, дезинфекция, көзілдірік өнеркәсіптік гигиена болып есептеледі», - деді ведомство басшысы. Сөз арасында кей өңірлерде ауру көрсеткішінің артып бара жатқанын ерекше атап өтті. «Кейбір өңірлерде инфекция жұқтыру көрсеткіші артып барады. Мемлекет тарапы да, жекелеген азаматтар да қауіпсіздікті сақтауы керек. Тұрғындарымыздың қауіпсіздігін сақтау мақсатында қажет болса жаңадан карантиндік тәртіптерді енгіземіз», - деді Елжан Біртанов.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)