Біртанов: Коронавирус – жай ауру емес
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Біртанов: Коронавирус – жай ауру емес](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115877744066400.webp)
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн брифингте соңғы екі аптада вирус жұқтырғандар саны 25 пайызға артқанын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Адамдардың көпшілігі коронавирусқа сенбейтін сияқты. Бірақ өкінішке қарай, бұл жай ауру емес. 48 адам осы вирустың салдарынан қайтыс болды. Одан бөлек, басқа аурудан қайтыс болған 37 науқастан коронавирус табылды. Алайда олар КВИ-дан қайтыс болғандар қатарына қосылмады. Қазіргі уақытта 24 науқас жасанды желдеткіш аппаратына таңылған. Олар пневмониямен ауыратындар. Жағдайлары күрделі. Дегенмен бүгінде ауруханаларда төсек-орын жеткілікті. Өңірлердегі статистиканы жіті қадағалап отырамыз. Оның бәрі өз бақылауымда. Жалпы, жергілікті атқарушы билікпен тығыз қарым-қатынастың арқасында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді ол. Оның айтуынша, соңғы екі аптадан бері КВИ жұқтырғандар саны 25 пайызға өскен. «Карантин тәртібі жеңілдетілгеннен бері вирус жұқтырғандар саны артып келеді. 15 мамырдан 24 мамырға дейін инфекция жұқтырғандар саны 2 800-ден асса, 25 мамырдан 3 маусымға дейін 3 500 науқас тіркелді», – деді министр.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)