Коронавирусқа қарсы ем-шара тәсілі өзгерді – министр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Коронавирусқа қарсы ем-шара тәсілі өзгерді – министр
ашық дереккөз

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн брифингте коронавирусқа қарсы ем-шараның тәсілін өзгертілгені туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Халықаралық ғылыми негізге сүйене отырып, қазіргі уақытта біз коронавирусқа қарсы ем-шараның тактикасын өзгерттік. Яғни симптомсыз тіркелген науқастарды бұрынғыдай стационарлық ауруханаға жатқызбай, үй карантиніне оқшаулап, медициналық бақылауға алудамыз. Бұл тұрғыда жергілікті емхана мамандарына көбірек жауапкершілік жүктелуде. Дегенмен ауруханаларда әлі де вирустың жеңіл түрімен ауырғандар жатыр. Осы аптадан бастап жаңа хаттамаға сәйкес жұмыс жүргізіле бастады», – деді министр. Оның айтуынша, қазіргі уақытта вирус жұқтырған 5 800-ден астам науқастың 1 пайызының, яғни 59-ының жағдайы күрделі болса, 10 пайызының (600-ге жуық) жағдайы орташа деңгейде. Ал науқастардың 78 пайызы симптомсыз. «Мүмкіндігінше симптомсыз науқастарды ауруханаға жатқызбауға тырысып жатырмыз. Дегенмен олардың оқшауланғаны маңызды. Себебі басқа адамдарға жұқтыруы мүмкін. Олардың көбі тез арада жазылып кету мүмкіндігі бар. Дегенмен күтінбесе, 30 пайызының жағдайы нашарлап кетуі де ғажап емес», – деді ол.