Карантин кезінде онлайн дәріс өткізген ұстаздар қауымы арнайы медальдармен марапатталды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Карантин кезінде онлайн дәріс өткізген ұстаздар қауымы арнайы медальдармен марапатталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115883535506339.webp)
Елімізде карантин ережесі енгізіліп, мектеп оқушылары толығымен алғаш рет қашықтан оқу жүйесіне көшірілді. Мұндай қиын кезеңде теледидар арқылы дәріс өткізген ұстаздар қауымының еңбегі орасан зор. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі астаналық мұғалімдер қауымын арнайы медальдармен марапаттады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
"Әлемдік пандемия кезінде елімізде ұстаздар "Ел арна", "Балапан" арналары арқылы сабақ берді. Мұғалімдердің тәжірибесінде бұл алғаш рет болып отыр. Ұстаз ғана емес диктор міндетін де, монтаж жұмысын да қосымша атқарды", - деп қалалық Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова жиынның шымылдығын ашты.
Осыдан кейін сөз алған Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мұғалімдер қауымын оқу жылының аяқталуымен құттықтай отырып, олардың еңбегін ерекше айтып өтті.
[caption id="attachment_18450" align="alignnone" width="800"] Фото: Василий Крась/Elorda Aqparat[/caption]
"Пандемия кезінде үлкен шаруалар атқарылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары абыроймен атқарылып жатыр. Оған өздеріңіздің қосқан үлестеріңіз зор. Оқу жылының 4-тоқсаны ерекше форматта өтті, 170 мыңдай оқушы қашықтан білім алды. Ұстаздар қауымы осындай қиын кезеңде кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілетін жоғары деңгейде көрсетіп, бұл сынақтан өте шықтық. Елордада 187 мұғалім телеарналар арқылы қазақ және орыс тілінде 12 пәннен бас-аяғы 3 300 онлайн сабақ өткізді", - дейді Бақтияр Мәкен.
Жиын барысында 22 мұғалім Ы.Алтынсарин медалімен, 3 ұстаз "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" белгісімен марапатталды. Ал Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаты, құрмет грамотасы 139 ұстазға берілді.
"Осындай марапаттарыңызбен құттықтай отырып, алдағы уақытта да үлкен бастамаларыңызды жүзеге асыруларыңызды тілеймін", деп қала әкімінің орынбасары сөзін аяқтады.
[caption id="attachment_18451" align="alignnone" width="800"]
Фото: Василий Крась/Elorda Aqparat[/caption]
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)