Экологтар қоқыстарға қатысты шағым қабылдайтын мобильді қосымша әзірлеп жатыр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Экологтар қоқыстарға қатысты шағым қабылдайтын мобильді қосымша әзірлеп жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115885234820238.webp)
Бүгінгі күні еліміздің экологиясын жақсарту, «жасыл экономиканы» дамыту мәселелері ел саясатындағы басым бағыттардың бірі саналады. ОКҚ өткен брифингте Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары Елдос Абақанов қоршаған ортаны сақтау бағытында жасалып жатқан жұмыстар мен жобалар туралы айтып берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Бүгінгі таңда Қазақстанда 120 миллион тоннадан астам коммуналдық қатты қалдықтар жиналды. Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасында басым міндеттердің бірі 2030 жылға қарай қалдықтардың 40% қайта өңделуіне қол жеткізілгеніне қарамастан, 2019 жылы ресми полигондардағы қалдықтардың 18,2% ғана қайта өңдеуге жіберілген», деді Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары Елдос Абақанов. Осы мәселелерді шешу мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында Stop Musor әлеуметтік жобасын жүзеге асырылады. «Жоба аясында біз адамдарға қоқысты арнайы жәшікке тастау оңай деген қарапайым ойды жеткізгіміз келеді. Жоба халықтың сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықтарды жауапты түрде жою мәдениетін дамытуға бағытталған», деп көрсетті Е.Абақанов. Сонымен қатар ол шашылып жатқан қоқыстарға қатысты шағым жіберуге арналған мобильді қосымшаның жақын күндері іске қосылатынын айтты.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)