ҚР азаматтығы жоқ адам жұмысқа орналасу үшін анықтаманы онлайн режимде ала алады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ҚР азаматтығы жоқ адам жұмысқа орналасу үшін анықтаманы онлайн режимде ала алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115886625947727.webp)
ҚР азаматтығы жоқ адам жұмысқа орналасу үшін анықтаманы онлайн режимде ала алады. Көрсетілетін қызмет пайдаланушыға «Электрондық үкімет» порталы арқылы өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беруге немесе оны ұзартуға электрондық өтініш жіберуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қызметті іске асыру кезінде біз барынша процесті жеңілдетуге және қызмет көрсету мерзімін қысқартуға тырыстық. Егер бұрын шетелдікке немесе апатридке осындай анықтаманы алу үшін ХҚКО-ға немесе Еңбек және халықты әлеуметік қорғау министрлігіне барып, 25 күн күту керек болса, қазір оны онлайн өтінімді рәсімдеп, 10 күн ішінде алуға болады», - деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов. Көрсетілетін қызметті алу үшін азаматтығы жоқ жеке тұлға немесе шетел азаматы eGov.kz порталында «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» қызметін таңдау қажет. Бұдан әрі Порталда авторизациядан өтіп және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту қажет. Содан кейін қызметті алушы міндетті алаңдарды толтырады және білім, еңбек қызметі туралы құжаттар мен жеке басын куәландыратын құжаттың сканерден өткізілген көшірмесін қоса тіркей отырып, сұрау салуға ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қолтаңба) арқылы немесе пайдаланушының абоненттік нөмірін МАБ-да (Мобильді азаматтар базасында) тіркеген жағдайда бір рет қолданылатын смс пароль арқылы қол қоюы тиіс. Сұрау салу сәтті өңделген кезде пайдаланушының жеке кабинетіне «Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама» түседі, оны шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жұмыс берушіге жұмысқа қабылдау кезінде ұсына алады.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)