Елордада Рәміздер күніне орай 28 автокөлік пен 28 мотоцикл 28 шақырым жолды басып өтеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада Рәміздер күніне орай 28 автокөлік пен 28 мотоцикл 28 шақырым жолды басып өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/1721158737478975.webp)
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар-ресурсы орталығы басшысының орынбасары Аян Ерментаев Рәміздер күні атқарылып жатқан іс-шаралар барысымен таныстырып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.
«Қазіргі уақытта Қазақстан рәміздерінің 28 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласында ауқымды іс-шара ұйымдастырылып отыр. Бұл шара бірнеше кезеңнен тұрады. Оның алғашқы кезеңінде 28 автокөлік пен 28 мотоцикл 28 шақырым жолды басып өтеді. Басты мақсат – рәміздерімізді ұлықтау. Екінші кезеңінде су көліктері де 28 шақырымды жүріп өтеді. Бұл шараға 100-ге жуық қала тұрғыны мен волонтер атсалысып жатыр. Бұл – бір сағаттық емес, кешке дейін жалғасатын шара», - дейді «Астана жастары» орталығының өкілі.
Мерекелік іс-шараның үшінші кезеңі Ұлы Отан соғысының ардагерлерін еске алуға арналатыны мәлім болды.
«Жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған шерудің соңғы нүктесі Отан қорғаушылар алаңына барып тоқтайды. Ол жерде Нұр-Сұлтан қаласының қонақтары мен тұрғындары 75 гүл шоғын қойып, мерекені атап өтеді. Бұл іс-шара 2017 жылдан бері өтіп келеді. Өткен жылдан ерекшелігі биыл бәрін 28 санымен байланыстырып отырмыз. Ал «Думан» қонақүйінің жанында кешке «28» деген жазуы бар тумен жүріп өтеміз», - дейді Аян Ерментаев.
Сөз соңында қаламыздағы орталық саябақтың бәрінде сурет салу шарасы өтетінін айрықша атап өтті.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)