Аида Балаева: Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Аида Балаева: Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115879340760544.webp)
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо министрдің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап. «Бүгін - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні! 1992 жылғы дәл осы күні тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік рәміздер барлық уақытта қоғамдағы әр адам үшін қастерлі де, қасиетті болды. Рәміздер халықтың бостандығы мен тәуелсіздігін бейнелейді, оның құндылықтары мен қасиетті жерлерін, ата-бабалар жадын және жаңа ұрпақтың болашақ жетістіктерін білдіреді», - деп жазды Аида Балаева. Министр сөз арасында еліміздің Туы асқаралы биік тау шыңдарына орнатылып, ғарыштан Жер шарын айналып ұшқанын, әлемдік деңгейдегі спорттық жеңістерде желбіреп, адамдарды азаматтық және кәсіби ерліктерге шабыттандырғанын атап өтті. «Қай қайсымыз да Туымыз, Әнұранымыз және Елтаңбамыздың асқақ рух, азаттық, қаһармандық пен даналықтың қастерлі нышаны екенін жақсы білеміз. Біз әркез қасиетті Туымыздың астында Отанымыздың тәуелсіздігі мен халқымыздың бақытты да бейбіт өмірін қорғаймыз. Бейбіт уақытта мемлекеттілік әрбір қазақстандықтың жетістіктерін нығайтады - біздің әрқайсымыз неғұрлым табысты болсақ, Тәуелсіз Қазақстан соғұрлым қуатты болады», - дейді ведомство басшысы. Министр қазақстандықтарды осы қасиетті де маңызды күнмен шын жүректен құттықтады. «Баршаңызға өсіп-өркендеу, уақытша қиын кезеңді лайықты еңсеру, өмірлік күш-жігер мен жасампаздық тілеймін!» - деп жазды Аида Балаева.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)