АШМ: Түйенің құрғақ сүті Қытай нарығына шықты
Биыл қазақстандық "EURASIA INVEST LTD" зауыты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен ҚХР Бас кеден басқармасының импорттаушылар тізіміне енгізілді, бұл қазақстандық өндірушілер үшін үлкен жетістік. Себебі, ҚХР нарығы біздің қазақстандық өндірушілер үшін күрделі, бірақ өте перспективалы және ауқымды сапалы өнімдердің бірі болып саналады, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Міне, "EURASIA INVEST LTD" қытай нарығында жеке және мемлекеттік мекемелермен ұзақ бизнес-келіссөздерден, Қытай стандарттарын талдаудан кейінгі алғашқы жеңіс, компания ҚХР-ға "Saubota" түйенің құрғақ сүтінің бірінші партиясын жөнелтті. Отандық өнім шығаратын бірінші провинция – Ланжоу, келесі "экспорт станциясы" - Пекин. Компанияның жоспарында ҚХР-ның тағы 4 провинциясы бар. "Министрлік қажетті құжаттарды берген кезде компанияны қолдайды, бұл экспорттаушының шығындарының бір бөлігін азайтады", - деп жазады АШМ.