Биыл елімізде автобустарды жаңартуға 10 млрд теңге бөлінеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл елімізде автобустарды жаңартуға 10 млрд теңге бөлінеді
ашық дереккөз

Қазіргі уақытта еліміз бойынша қалалық автобус бағыттарында шамамен 10,5 мыңдай автобус жүр. Олардың 43%, яғни 4,5 мыңдай автобустың шығарылған жылы 7 жылдан асып кеткен, деп хабарлайды Елорда Инфо ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өңірлерде автобус парктерін жаңартуды қолдау мақсатында 2018-2019 жылдары жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 33,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа өңірлерде Қазақстанда өндірілген 693 автобус сатып алынды. Ал биыл бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 10 млрд теңге қаражат бөлу мақұлданды. Оған өңірлер 1 370 автобус сатып алуды жоспарлап отыр. 2020 жылдан бастап әлеуметтік маңызды бағыттарда қызмет ететін тасымалдаушылар қосымша құн салығын төлеуден 3 жылға босатылады. Бұл шаралар жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және отандық зауыт өндірушілерді қолдауға бағытталған.