Елордалық кәсіпкерлер қандай санитарлық талаптарды сақтауы тиіс

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық кәсіпкерлер қандай санитарлық талаптарды сақтауы тиіс
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Шағалтаева карантин жағдайындағы кәсіпкерлік нысандарының қауіпсіздік шаралары, жұмыс алгоритмі туралы түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Кәсіпкерлік субъектілерімен кеңес барысында Айгүл Шағалтаева санитарлық нормаларды сақтаудың маңыздылығын атап өтті. «Инфекция бар және соңғы 7 күнде қала бойынша ауру деңгейі 7,6%-ға артып отыр. Жұмыс, қызмет көрсету орындары маскалық режимді сақтауы тиіс. Кәсіпкерлік субъектілер де санитарлық нормаларды сақтауы керек. 2020 жылдың 1 маусымынан бастап күшейтілген санитарлық шараларды сақтай отырып, ашық аспанда ойын алаңдарының, спа-орталықтардың, жаттығу залдарының, фитнес, спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің қызметіне рұқсат берілді. Сол сияқты, спорт нысандарының жұмысына рұқсат етіледі. Тек көрерменнің жиналуына болмайды. Спорт нысандары алдағы көрерменсіз өтетін жарыстарға дайындалу үшін ашылуы мүмкін. Сондай-ақ, ашық аспан астында аквапарктың ашылуын қарастырып жатырмыз», - деп түсіндірді ол. Оның айтуынша, әрбір ұйымда эпидемияға қарсы шаралардың орындалуына жауап беретін қызметкер болуы тиіс. «Әрбір ұйымда қаулылар алгоритмдерін сақтауға, тиісінше қызметкерлерді, келушілерді кіргізудің барлық шараларын ұйымдастыратын және нысанның қауіпсіздік шараларын сақтауға жауапты тұлға болуы тиіс. Нысанда міндетті түрде термометрия, тепловизорлар болуы керек. Мұның бәрі біздің келушілерге санитарлық нормалар туралы үнемі еске түсіріп отыруы керек», - деп атап өтті Шағалтаева. Ол көшедегі сауда орындарының заттары арнайы орамдарда ғана сатылуы тиіс екенін айтты. «Көше саудасының барлық түрлеріне рұқсат беріліп жатыр. Оның ішінде санкцияланбаған жәрмеңкелер бар. Базарлар 17:00-ге дейін жұмыс істейді, 18:00-ге дейін қызмет көрсететіндері де бар. Жәрмеңке 08.00-17.00 аралығына дейін өткізіледі. Көшедегі дүңгіршектерде, павильондарда заттар арнайы орамдарда ғана сатылуы тиіс. Тек көкөністер мен жемістер ораусыз сатылуға рұқсат етіледі. Біз балмұздақ өндірушілер де буып-түйілген нұсқаларын қарастырғанын қалаймыз», - деп қорытындылады спикер.