Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлайды Елорда Инфо Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндалды. Бас прокурор Төтенше жағдай режимі кезінде қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті. Қазақстан Президентіне ірі қылмыстық істердің тергелу барысы және қоғамдық мүддені қорғауға қатысты жұмыстар туралы мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарысқа қарсы шаралардың орындалуын қатаң бақылай отырып, заңдылықты сақтау, мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беру қажеттігін айтты. Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:15
Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады
Бүгін, 09:05
Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты
11 ақпан, 2025
Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды
11 ақпан, 2025
Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды