Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді
ашық дереккөз

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Елорда Инфо Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап. Бұдан әрі шетелдіктердің Қазақстанға келуі үшін олардан коронавирустық инфекцияға ПТР-тест тапсырғаны туралы анықтама талап етілмейтін болады. Сонымен қатар еліміздің мамандандырылған емдеу мекемелеріне келуге шектеу қойылмайды.