00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әскери қызметшілер елордалықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады

Әскери қызметшілер елордалықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады
ашық дереккөз

Қарулы күштердің әскери қызметшілері елордадағы көрнекті инфрақұрылымдық нысандарды аралап, қыз-келіншектерге мерекелік көңіл-күй сыйлады, деп хабарлады Elorda.info.

"Нұрлы жол" теміржол вокзалында Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери оркестрінің музыканттары танымал әуендерді орындап, нәзік жандарға көктемнің басталуын бейнелейтін қызғалдақтар тарту етті.

Мерекелік атмосфера "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығында да жалғасты. Онда Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Орталық ансамблінің әртістері өнер көрсетті. Құрметті қарауыл ротасының дефилесі көрермендерді ерекше таң қалдырды.

Жиналғандар музыканттар мен солистерге ерекше қошемет көрсетті.