Астана су қоймасын жаңарту жұмыстары қолға алынды
Елорданың ТЖД бастығының орынбасары Дастан Алдабеков Астана су қоймасы жөндеуден өтіп жатқанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Оқи отырыңыз: Астанада заңсыз салынған 76 құрылыс нысанында жұмыс тоқтатылды
Астана су қоймасында соншалықты апат болған жоқ. Қазіргі уақытта су қоймасы контрреттегіш режимінде. Бұл дегеніміз – қаланы су тасқынынан қорғау. Қазір су қоймасын жаңарту жұмысы жүріп жатыр. Әкімдікте осы мәселе қаралып, қаржы бөлу жағы шешіледі. Биыл контрреттегішті жаңартуға ақша бөлініп, атқарылатын іс-шаралар аясында Есіл өзенінің арнасын кеңейту мүмкіндігі туады деген ойдамыз. Сонымен қатар су тасқынына қарсы іс-шаралар, бөгетті нығайту, тас төсеу жұмыстары жүргізілмек, - деді ол Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.