00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада психологиялық тынығу бөлмесі ашылды

31 наурыз, 2023
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Елордада психологиялық тынығу бөлмесі ашылды
ашық дереккөз

Бүгін елордада қалалық әкімдіктің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-да психологиялық тынығу бөлмесі ашылды, деп хабарлады Elorda.info.

Психологиялық тынығу бөлмесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтеріне уақытылы білікті консультациялық-психологиялық көмек көрсетуге арналған.

Мұнда шамадан тыс эмоционалды күйзелістен арылу секілді өзге де шараларды жүргізу үшін жағдайлар жасалады.

Айта кетейік, психологиялық тынығу кабинетіне жүгіну алдын ала жазылу бойынша іске асырылады.

Психологиялық тынығу бөлмесінде бір сәт өз-өзіңе келу, күйзелісті жеңе білу, агрессиялық мінезді жеңе білу, оқушы мен ұстаздың, ата-ана мен ұстаздың арасындағы мәселелер бойынша мамандар көмек көрсетіп, кеңес береді, - деді Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК  әдіскері Ләззат Бодикова.