00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордадағы балалар үйінде былтыр 36 бала өз отбасына қайтып оралған

Елордадағы балалар үйінде былтыр 36 бала өз отбасына қайтып оралған
ашық дереккөз

Бүгінде мемлекет қамқорлығына алынған балаларды еліміздегі 23 мекеме 3 мыңнан астам баланы тәрбиелеп жатыр. Ал Астанадағы мамандандырылған балалар үйінде 65 сәби бар, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Елордадағы мамандандырылған  балалар үйінде былтыр 36 бала өз отбасына қайтып оралса, 7 елордалық ата-ана бала асырап алған. Одан бөлек, патронаттық тәрбилеуге 5 адам ниет білдірсе, 17 баланы елордалықтар қамқоршылыққа алған.

2018 жылдың 1 ақпанынан бастап елордалық балалар үйінде тәрбие процесі «Үйдегідей»  бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

Ғалымдардың айтуынша, балалар бір кісіні көре берсе, бауырмалдық сезімі ашылады. Сол кісіні іздеп тұрады. «Үйдегідей»  бағдарламасы бойынша тәрбиешілер бір балаға күнде қамқорлық жасайды. Әдетте мамандар өзара ауыса берсе, бұл жерде тәрбиеші ауыспайды. Бұрынғы жүйеде бір үйдің балалары жасына қарай екі топта болса, қазір біз бөлмейміз, олар бір топта бірге жүреді, - дейді аға тәлімгер Лаура Бурунбаева.

Елімізде 2017 жылдан бастап бала асырап алуға үміткерлер жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың бірыңғай республикалық дерекқорынан балалар туралы мәлімет ала алады. 2020 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда барлық асырап алушы ата-аналар арнайы ата-аналар мектебінде оқудан өтуі тиіс.