00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Елорда жастары»: Биыл бағдарламада қандай өзгерістер болмақ

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Елорда жастары»: Биыл бағдарламада қандай өзгерістер болмақ
ашық дереккөз

«Отбасы банкінің» Орталық филиал басшысы Жансұлтан Матаев былғы «Елорда жастары» бағдарламасының талаптарын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Банк өкілінің және әкімдіктің берген мәліметтеріне сәйкес, бағдарламаның шарттары толық бекітілмеген, негізі өзгеріссіз қалуы тиіс.

«Елорда жастары» бағдардамасы Астана қаласы әкімдігінің тарапынан жүргізіліп жатқан бағдарламаны қаржыландыруын күтеді. 2023 жылға әкімдік жоғарыда атап өткенімдей, 1 млрд. теңге бөліп отыр, енді банк тарапынан тағы 1 млрд. теңге бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал бағдарламаға өтініштерді қабылдау жұмыстары наурыз айының басында басталады деп жоспарланып отыр, - дейді банк филиалының басшысы Elorda.info сайтына берген сұхбатында.

Оқи отырыңыз: «Елорда жастары» бағдарламасы қашан басталатыны белгілі болды

                            «Елорда жастары» бағдарламасына қанша ақша бөлінді?

Бағдарламаның талаптары:

  • Өтініш берген уақытта қатысушының жасы 35-тен (қоса алғанда) аспауы тиіс;
  • Қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің соңғы 1 жыл ішінде Астана қаласында тұрақты тіркеуі болуы қажет;
  • Қатысушының «Отбасы банкінде» сатып алатын баспана құнының 10% мөлшеріндегі алғашқы жарнасы бар депозиті болуы тиіс (салымның бар екені туралы анықтама немесе шот бойынша үзінді көшірме);
  • Соңғы 5 жылда бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің ҚР аумағында сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үйі болмауы қажет;
  • Қатысушының өтініш берген кезінде кемінде соңғы бір жыл ішінде Астана қаласында таңдалған саласында ресми жұмыс тәжірибесі болуы тиіс. Ол зейнетақы шотының үзінді көшірмесімен расталады;
  • Отбасының бір мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы табыс 6 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы қажет, яғни 2023 жылы бұл сома 243 402 теңгені құрайды (зейнетақы жарналары, жеке табыс салығы және басқа да міндетті жарналарды қоспағанда);
  • Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.