00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Қазақстан халқына» қоры мен Астана медицина университеті ынтымақтастық мәселесін талқылады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Қазақстан халқына» қоры мен Астана медицина университеті ынтымақтастық мәселесін талқылады
ашық дереккөз

Астана медицина университеті басшылығы мен «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы Болат Жәмішевтің кездесуі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Бірлесе атқарылатын бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобалар талқыланды.

Кездесу барысында Астана медицина университетінде халық денсаулығын жақсартатын және мүгедектігін төмендететін жобаларды іске асыруға қажетті әлеует бар екендігі атап өтілді.

Денсаулық сақтау саласында серпінді технологияларды енгізу мәселелері қозғалды.

Аталған Қор нақты адамдарға да, әлеуметтік топтарға да атаулы көмек көрсетеді. Атаулы көмек алушыларды және жүйелік көмекті дамыту бағдарламаларын іріктеу критерийлері Қор тұжырымдамасында нақты айқындалған.