00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Былтыр Астанада қанша бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Былтыр Астанада қанша бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды
ашық дереккөз

Астана қаласының Кәсіподақтар орталығы мен салалық кәсіподақтар филиалдарының өзара ынтымақтастығы мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде бастауыш кәсіподақ ұйымын құруға ерікті ниет білдірген мекеме-кәсіпорындар қатары артып келеді, деп хабарлады Elorda.info.

2022 жылы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған Әлеуметтік әріптестік жылы аясында Астана қаласында 25 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды.

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының филиалы – 15,  «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы және Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағының  филиалдары – 3, «YNTYMAQ» қазақстандық кәсіпкерлік қызметкерлері салалық кәсіподағының филиалы – 2, Құрылыс кешені және ТКШ қызметкерлері салалық кәсіподағы мен Теміржолшылар кәсіподағының «Астана» филиалдары 1 бастауыш кәсіподақ ұйымын құрды, - делінген хабарламада.

2021 жылы елорда аумағында 22 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылған болатын.

Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.