00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанадан шығатын бірқатар жол ашылды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Астанадан шығатын бірқатар жол ашылды
ашық дереккөз

Астанадан шығатын бірқатар жол ашылды, деп хабарлады Elorda.info жергілікті төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ауа райының тұрақталуына байланысты Астана қаласы мен Ақмол ауылын жалғайтын жол барлық автокөлік түрлеріне ашық.

Сонымен қатар бүгін түнде «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1291-1426 шақырым аралығы ашылды. Бұл - Астана мен Теміртау арасындағы жол.

Осы «Екатеринбург-Алматы» жолының 1003-1247 шақырымында, атап айтқанда Астанадан Атбасар қаласына апаратын жолда дизельмен жүретін автобустардан басқа барлық автокөлік түрінің қозғалысына рұқсат берілді.

9 қаңтар таңғы 04.20 кезінде ауа райының тұрақталуына байланысты республикалық маңызы бар «Астана-Ерейментау-Шідерті» тасжолының 16-200 шақырымында қозғалыс жанданды.

Бұл - Астана қаласы мен Павлодар облысы шекарасын қамтитын жол.

Сондай-ақ таңғы 6.00 кезінде «Астана-Петропавл» жолының 18-291 шақырым аралығы, яғни Астанадан Көкшетауға дейінгі учаске ашылды.

Мұнда тек дизельмен жүретін қоғамдық көлік түрлеріне тыйым салынған.