00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорда көшелерінің қарын күреуге 2 300-ге жуық жол жұмысшы шықты

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елорда көшелерінің қарын күреуге 2 300-ге жуық жол жұмысшы шықты
ашық дереккөз

Елордада 2 қаңтардан 3-іне қараған түні 30 мың текше метрден астам қар шығарылды. Қардың көп жаууына байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бүгінгі таңда елорда бойынша қар күреу жұмысына 2,3 мыңға жуық жол жұмысшы мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылған. 

2 қаңтардан 3-іне қараған түні полигондарға 30 мың текше метрден астам қар немесе 2191 жүк көлігі шығарылды. 

Қыс мезгілінің басынан бері коммуналдық қызметтер қаладан 95 мыңнан астам жүк көлігін, яғни 959 мың текше метрден астам қар шығарды.