00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сауда және интеграция министрі елордалықтармен кездеседі

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сауда және интеграция министрі елордалықтармен кездеседі
ашық дереккөз

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин азаматтармен, бизнес өкілдерімен кездеседі, сондай-ақ, Астанада азаматтарды жеке қабылдайды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шаралар Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1 мекен жайында – «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығында өтеді.

Жұртшылықпен және бизнес-қоғамдастықпен кездесу (кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері), БАҚ үшін брифинг сағат 17.00 – 18.00-де өтеді.

Азаматтарды сағат 18.00-18.45 аралығында қабылдайды.

Ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша қажетті шараларды қабылдауды сұраймыз, – делінген ведомство хабарламасында.

Сұрақтар мен ұсыныстарды Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрімен кездесу кезінде тікелей қоюға немесе +7 701 701 01 34 нөміріндегі WhatsApp-қа жіберуге болады.

Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін 87172749894, +7 708 340 9649 байланыс нөмірлеріне хабарласу қажет.