00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл елордада 3 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты

31 наурыз, 2023
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Биыл елордада 3 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты
ашық дереккөз

Биыл Астанада 3 325 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл туралы Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров Астана қаласы Коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлады Elorda.info.

 «Жастар практикасы» - 923, «Қоғамдық жұмыстар» - 949, «Алғашқы жұмыс орны» - 180, «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламалары аясында - 49 адам қамтылды, жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға 204 адам грант еншіледі.  «Бастау бизнес» жобасы аясында 2112 жас оқытылды. Бос орындар жәрмеңкесіне 4 мыңға жуық адам қатысты, - деді басшы.

Қазіргі кезде 2021-2023 жылдарға арналған «Елорда жастары» жастарды қолдау бағдарламасы бекітіліп, іске асырылып жатыр. Ол негізгі 6 бағытқа бөлінген. Онда 33 көрсеткіш және 60 іс-шара көзделген.

Астана қаласының мамандарына арналған «Елорда жастары» жеңілдікпен несие беру бағдарламасы 2021 жылы бастау алды. Жыл қорытындысы бойынша 167 несие берілген, оның ішінде 5 қатысушы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатынан. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Сондай-ақ, жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға пәтер беру бағдарламасы да бар. Ол Елбасының бастамасымен 2019 жылы іске қосылды. 2019 жылы – 1050, 2020 жылы – 350, 2021 жылы – 1050 пәтер берілді, - деді Қайрат Қамбаров.

 Астананың төрт ауданында жастарға қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.

Жастар арасында мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру және кеңінен тарату мақсатында қаламыздың 4 ауданында 5 жастарға қызмет көрсету орталығы  жұмыс істейді. Қазіргі таңда 10 мыңға жуық адам кеңес алған. Жастар көбінесе жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселелері бойынша кеңес алуға келеді, - деді Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.

Сондай-ақ, брифинг барысында Қайрат Қамбаров «Жасыл ел» жобасы жайында да сөз қозғады.

 «Жасыл ел» жобасы аясында 4200 жас еңбек етті. 2020 жылы 1200 адам, 2021 жылы 1956 жасөспірімдер мен жастар жұмыспен қамтылса, биыл квота 4200-ге дейін өсті. Оның ішінде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 111 адам осы жоба аясында жұмыс істеді. 2021 жылдан «Жасыл ел» сарбаздары алатын сыйақы мөлшері де 35 мыңнан 64 мың теңгеге дейін өсті, - деді Қ.Қамбаров.