00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада футболдан қалалық турнир өтті

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордада футболдан қалалық турнир өтті
ашық дереккөз

Астанада қалалық клубтар арасында футболдан турнир өтті. Финалда Dostar және «Виста» командалары кездесті, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев пен елордалық футбол федерациясының президенті Давид Лория қатысты.

Біріншіліктің чемпионы - Dostar командасы, ал «Виста» ФК күміс жүлдегер атанды, «Абай» клубының футболшылары үздік үштікті түйіндеді. Кездесу алғашқысының пайдасына 3:1 есебімен аяқталды.

Турнирдің үздік қақпашысы - Жомарт Әсетұлы (Dostar), Үздік қорғаушы - Евгений Семин (Виста). Үздік жартылай қорғаушы номинациясын Біләл Насыров (Dostar) иеленді. Ол НБА Айки (Виктория) ұжымының үздік сұрмергені және үздік ойыншысы атанды. Үздік жаттықтырушы атағын Асхат Назаров (Виктория) иеленді.